Тәйті мен Шыбыл шалға lyrics

Жамбыл Жабаев

0
0

Share:


Қажыдан кеше ғана келді дерек,
Союға мал, шашуға ақша керек.
Тәйтекем, ұжмақтан орын тапты,
Қаза тауып, жарықтық, елден ерек.

Ақшаңды шаш, ағайын, малыңды же,
Жақсы өлімге жабығу болар қате.
Жас қалып, алдыңда кәрі кетсе,
Оның өзі емес пе той-мереке.

Меккеге біреу барса, Шыбыл барсын,
Шыбылдан басқаң барсаң, шығындарсың.
Қебінін өлгендердің жиып алып,
Ақыретке барғанда шырылдарсың.
Жамбыл Жабаев, Тәйті мен Шыбыл шалға lyrics, 1
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

26.08.2016