Жалын тобы Достар жыры (0) lyrics

Достар жыры lyrics

Жалын тобы

Достар жыры

0
0

Share:


 
 
Кайырлы кеш мырзалар, және ханымдар
Достар үшін шырқаңдар, әңге салыңдар
Дос жүрегі қашанда бірге соғады
Достарменен баянды бақыт табыңдар
 
Кел достар кел ортаға би билейік күрсінбе бекер
Жалғанда жабырқамай жанартаудай көңіліңді көтер
Ән салып қыздырайық ортамызды бас қосқан кезде
Келмейді қайта айналып, бұл дәурен өтер
 
Ақ арманмен тоғыссын жолымыз күнде
Қауышайық құшақты толтырып гүлге
Адал достық суымай арамыздағы
Жазылмасын жұбымыз мәңгілік бірге
 
Кел достар кел ортаға би билейік күрсінбе бекер
Жалғанда жабырқамай жанартаудай көңіліңді көтер
Ән салып қыздырайық ортамызды бас қосқан кезде
Келмейді қайта айналып, бұл дәурен өтер
 
Табысқанда жайнасын жастардың жаны
Орындалсын көңілді басты арманы
Жеңістерге жетейік әрдайым бірге
Асқар шыңнан шырқалсын достардың әні
 
Кел достар кел ортаға би билейік күрсінбе бекер
Жалғанда жабырқамай жанартаудай көңіліңді көтер
Ән салып қыздырайық ортамызды бас қосқан кезде
Келмейді қайта айналып, бұл дәурен өтер






GM

Added Lyrics

31.10.2015
Music Videos
Жалын тобы
Достар жыры


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz