Share:




Lyrics



Ұрпағым деп ғұмыр кешірген
Ұл қыздарын мәпелеп өсірген
Айналайын мәңгі ардақтым
Ата-ана деген есімнен
Бала болып базар думаны
Зымырайды жомарт жылдары
ата-ана риза болмаса
Бұйырмайды жұмақ гүл бағы

Қайырмасы
Бала бала деумен
Алаңдаумен уайым көрген
Балапаным бағым деген
Ата-ана!!!
Бала бала деумен
Жаратқаннан бақ тілеген
Көңілдері шалқар көлден
Ата-ана!!!

Өмірімнің қос бәйтерегі
Қандай нұрлы қандай тілегім
Мейіріме жанды жылытқан
Жан балам деп соққан жүрегім
Бақ жұлдызың жайнап жанғанша
Азаматы елдің болғанша
Тыным көрмес ұлды ұяға
Қыз қыяға аман қонғанша

Қайырмасы
Бала бала деумен
Алаңдаумен уайым көрген
Балапаным бағым деген
Ата-ана!!!
Бала бала деумен
Жаратқаннан бақ тілеген
Көңілдері шалқар көлден
Ата-ана!!!

Ардағым ата ана
Мәңгі әнім ата-ана!!!
Сыймен құрмет көріп
Арандым ата-ана!!!




Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

09.01.2019