Жакау Диди Телеарна lyrics

Телеарна Жакау Диди

0
0

Share:




Lyrics


Ақиқат жырламас қазіргі арнада
Өтірік ақпарат, қаптаған жарнама
Ары жоқ фильмдер тұз септі жарама
Осы ма тәрбие, беретін жастарға?
Зорлық пен зомбылық, алапат зілзала
Дінсіздік, арсыздық құйылар санаңа
Атыс пен шабыстар болғанда масқара
Қосылып қарайды бес жасар бала да
Тәрбие береді балаға төртбұрыш
Төртбұрыш ішінде көп айқай, көп ұрыс
Бала да түсінбес не жақсы, не бұрыс
Осыдан басталар батысқа ұмтылыс
Қара-көз қыздарым осыны көргенде
Кіндігін ашады еліктеп шетелге
Ұлдарым таңдайды ішімдік, темекі
Бүгінде мынадай, не болмақ ертеңгі?

Қайырмасы:
Теле-теле телеарна,
Айтшы маған ақиқатың бар ма?
Қандай тәрбие бересің жасқа?
Теле-теле телеарна!

Бірінші арнадан көрсетер атысты
Екінші арнадан көрсетер арсыздық
Үшінші арнадан көрсетер жалғанды
Ақиқат жырлайтын арна да қалмады
Төртінші арнадан көрсетер қорлықты
Бесінші арнадан көрсетер зорлықты
Алтыншы арнаны көргім де келмейді
Пайдасыз арналар бүгінде көбейді
Жетінші арнадан көрсетпес жетімді
Бұл әлемді көрсетеді жетімсіз секілді
Сегізде секірді төсектен төсекке
Көрсетеді ыңқыл-сыңқылды көрмейік десек те
Тоғызыншы арнада өсектеп Хақ Дінді
Террорлар деп олар алмаң деп еш үлгі
Оныншы арнада отырғандар парламентте
Бұл арнаны қарамайды отыратындар агентте
Он бірінші арнада мода қуған он бір қатын
Он бірі де төсекке, жезөкшелікке жақын
Он екіде он екі досы Оушеннің бітпейтін
Он үште қайғысы - тышқан, мысық, иттің
Он төртте он төрт түрлі құттықтайды Валентина
Насихаттап шақырады жасайық деп - Зина
Аузубиллях көп арна Бразилия сериалы
Бұл шайтанның насихатын қызықтап келеміз әлі

Қайырмасы:
Теле-теле телеарна,
Айтшы маған ақиқатың бар ма?
Қандай тәрбие бересің жасқа?
Теле-теле телеарна!




Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

05.06.2022


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz