Махаббат майдан lyrics

Жайдар Жеңісхан

2017

0
0

Share:



Менің жанымды баурап алдың тез ақ
Саған қарап қалдым қызыға
Күлгенінде жүргенінде ғажап
Тең келмейді ханның қызы да
Хан қызы да сендей сұлу болмас
Қылығынмен таң қылған едің
Ғашық болып тұрғанымда алғаш
Көңілімді қалдырма менің

қайырмасы:
Күні түні бір шықпайсың ойдан
Мендік бола аласың ба қайдам
Саған ғана құшағымды жайған
Жауабымды кұтем
Тағы тағы ойлаң
Мендей жанды таба алмайсың айнам
Махаббат мылтыға жоқ майдан
Бірге болсақ жеңеміз бәрін

Бас иіп қалар саған гүл де
Күннің өзі тамсана қарар
Бақыт сырын сезейікші бірге
Өмірдегі барша ғалам бар
Сезіне алсақ тәтті өмірдің мәнін
Басқа нені арман етейін
Сағаты мен сәттерімнің бәрін
Саған ғана арнап өтейін

қайырмасы:
Күні түні бір шықпайсың ойдан
Мендік бола аласың ба қайдам
Саған ғана құшағымды жайған
Жауабымды кұтем
Тағы тағы ойлаң
Мендей жанды таба алмайсың айнам
Махаббат мылтыға жоқ майдан
Бірге болсақ жеңеміз бәрін
Жайдар Жеңісхан, Махаббат майдан lyrics, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






20.08.2017
Users