Share:




Lyrics



Осы келген жасымда біразды көріп келемін
Керегіңді теріп ал азырақ сөйлеп берейін
Көп ішінде мен көрдім жақсыда жаман аралас
Жақсының барған жеріне жамандар жетіп бара алмас
Жақсыларды мен көрдім жамандармен шамалас
Өр көкірек көр соқыр озғандарды көре алмас
Заты да болса бейшара қатарға өзін санайды ай
Қолын аздап мал бітсе менсінбей жұртқа қарайды ей

Іс түскенде басыңа қарасатын ағайын
Ұзақ кетсең алысқа пал ашатын ағайын
Жетпей тұрған жеріңде жеткізетін ағайын
Талабыңа биіктен ой тастайтын ағайын
қуанышпен қайғыңды бөлісетін ағайын
Сәл нарсеге ренжіп келісетін ағайын
Барыңменен жоғыңды жоқтайтында ағайын
Әкесі үлкен шешеңді боқтайтында ағайын

Жас кезіңнен сырыңды білетінде ағайын
Сүрінгенде бірінші күлетінде ағайын
Озғаныңды көре алмай күндейтінде ағайын
Азғындасаңда тіл алмай жөндейтінде ағайын
Жік жік етіп бөлетінде ағайын
Өле қалсаң жабылып көметінде ағайын
Ағайыннан ажырап қайда барып оңайын ай



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

01.01.2016