Перзент тілегі lyrics

Заттыбек Көпбосынұлы

Перзент тілегі

1
0

Share:



Дарытқан бойыма қасиетін
Асқар тау ардақтым бас иетін.
Әкешім алысқа жетелейді
Өзіңнің ақылың өсиетің.

Ойламас баладан басқа уайым
Анашым өзіңді бақ санайын.
Біз үшін төрт бөліп түн ұйқыңды
Ағарды таңменен ақ самайың.

Қайырмасы:
Әкешім-Анашым күн мен айым
Үйреткен сөзіңнен үлгі алайын.
Төрінде даладай пейіліңнің
Жайқалған жасыл бақ
Жайқалған жасыл бақ гүлі болайын.

Әкешім таусылмас байлығым сіз
Алатау шыңындай айбыным сіз.
Жанымда жарқырап жүрсең мәңгі
Еркелеп өтер ем қайғы-мұңсыз.

Тербетіп әлдимен өсіріп ең
Жүректің мейірім бесігімен.
Анашым өзіңнің ақ тілегің
Пейіштің аттасам есігінен.

Қайырмасы:
Заттыбек Көпбосынұлы, Перзент тілегі lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Comments

Gulsezim Temirhanova

15 2017

күшті əн

16.12.2017
Users

GM

Music Videos
Заттыбек Көпбосынұлы
Перзент тілегі