Сыйластық lyrics

Заттыбек Көпбосынұлы

2018

13
1

Share:



Аялайықшы алтындай осы уақытты
Бағалайықшы басымыздағы бақытты
Бәріде өтер өтпейтін жалғыз сыйластық
Ауыртпайықшы жүректегі нұр жақұтты

Қайырмасы
Өте шығатын бес күндік мына жалғанда
Жанымды ұғып жақсы көретін жан барда
Аялайықшы ағайын мен дос бауырды
Барайық бірге арайлы асыл арманға

Дүние шіркін дөңгелек болып келіп кетеді
Тарылмас екен пейілдің жұмақ мекені
Кешірім ізет мейірім сыйса көңілге
Бәрімізге де бұйырған ырыс жетеді

Қайырмасы
Өте шығатын бес күндік мына жалғанда
Жанымды ұғып жақсы көретін жан барда
Аялайықшы ағайын мен дос бауырды
Барайық бірге арайлы асыл арманға

Кейіпкеріміз тағдыр дейтін бір тараудан
Шаттығы менен ішінде талай тарау мұң
Сыйластық қалсын қимастық қалсын мәңгіге
Қуанып еске алуың үшін қалаулым

Қайырмасы
Өте шығатын бес күндік мына жалғанда
Жанымды ұғып жақсы көретін жан барда
Аялайықшы ағайын мен дос бауырды
Барайық бірге арайлы асыл арманға
Заттыбек Көпбосынұлы, Сыйластық lyrics, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Corrected text

22.06.2018
Users