Share:



Бата алмай жүрдім қанша айтуға
Ақ таңда күлген арайсың
Шай ішіп шырайланып қайтуға
Шақырсам қалай қарайсың
Жасырын жасырыпты жанарын
Меніңде мұң бар көзімде
Отыңа өртеніп ақ барамын
Шәй ыстық сезімнен

Қайырмасы
Қайда қайда шәйға шәйға
Шақырамын шайханаға
Бір кездесу ойда ойда
Әзірге жүр ойда ғана

Көңілім ақ дастархан жайылған
Отырмын іштей бақ тілеп
Бал менен шекер қосқан шайыңнан
Қылығың сенің тәттірек
Өтеді шақтар әлі қаншама
Күтемін оның әлі жалғасын
Шәй суып ортамызда қалсада
Сезімдер суып қалмасын

Қайырмасы
Қайда қайда шәйға шәйға
Шақырамын шайханаға
Бір кездесу ойда ойда
Әзірге жүр ойда ғана


Заттыбек Көпбосынұлы, Шәйға lyrics, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Corrected text

31.05.2018
Users