Аңсар әнім lyrics

Заттыбек Көпбосынұлы

Аңсар әнім

2
0

Share:



Аруларға арналып бар аңсар әнім,
Серілікпен өткіздім қаншама күн.
Өз көзіме қалдым-ау өзім сенбей,
Кездескенде алдымнан, аңсағаным.
Өз көзіме қалдым-ау өзім сенбей,
Кездескенде алдымнан, аңсағаным.

Қайырмасы:
Айхай шіркін, жанарыңнын жарқылын-ай ,
Тілегіңе балдай еріп, балқыдым-ай.
Айхай шіркін, қылығыңнын тартуынай,
Айдай нұрдан жаралдың ба, алтыным-ай?

Еркелеген жарасады сымбатыңа,
Күлімдеген жамалы сырғатыңа.
Бұлқынады, жүрек бұлқынады,
Сөз таба алмай қиналып, тіл қатуға.
Бұлқынады, жүрек бұлқынады,
Сөз таба алмай қиналып, тіл қатуға.

Қайырмасы:
Айхай шіркін, жанарыңнын жарқылын-ай ,
Тілегіңе балдай еріп, балқыдым-ай.
Айхай шіркін, қылығыңнын тартуынай,
Айдай нұрдан жаралдың ба, алытыным-ай?
Заттыбек Көпбосынұлы, Аңсар әнім lyrics, 2016
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Comments

Мерей

20 2016

жаксы

kezaybek

21 2016

ote jahse orendaqan.

Ongar Super

Corrected text

19.08.2017
Music Videos
Заттыбек Көпбосынұлы
Аңсар әнім