Share:



Алаулап тұрар сиақты
Сәбидің балғын жүзіндей
Асығып көкте ұмтылған
Арманшыл жолды тізіндей
Ғашықтар жаққан шырақты
Жалт етіп түнгі аспанда
Сол бір от ғажап сәулесін
Ағылда тегіл шашқанда

Қайырмасы
Алияш сенде бір от бар
Күннің нұрындай қуатты
Сол ұққан іңкәр дүние
Алаулап тұрар сиақты

Көңілдің көркем пернесі
Өмірдің күйін тербетіп
Сиқырлы сазға толардай
Сүйкімді мынау жер беті
Айналам бір сәт ақ желкен
Сәулеге толып кетердей
Сол бір сәт бүкіл ғұмырды
Жарық қылуға жетердей

Қайырмасы
Алияш сенде бір от бар
Күннің нұрындай қуатты
Сол ұққан іңкәр дүние
Алаулап тұрар сиақты

Заттыбек Көпбосынұлы, Алияш lyrics, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Corrected text

30.05.2018
Users