Зарина Омарова Маралдым (2020), lyrics

Маралдым lyrics

Зарина Омарова

2020

8
1

Share:



Қыз Қорлан қор қызындай тамсандырған
Естайға әлемде жоқ ән салдырған
Маралды! Маралды - төр! Маралды - көл
Самалдай ән еседі қарсы алдыңнан

Қайырмасы:
О, Маралдым, Маралдым!
Сенің үшін жаралдым
Топырағыңнан нәр алдым
Көзіндейсің сен маған
Атам менен анамның

Туған ел, туған жерім - 'Қызыл таңым'
Сапырған күн астында қызыл дәнін
Өссем де құшағыңда ажырамай
Көркіңе көрмегендей қызығамын

Қайырмасы:
О, Маралдым, Маралдым!
Сенің үшін жаралдым
Топырағыңнан нәр алдым
Көзіндейсің сен маған
Атам менен анамның

Туған жер, өскен елім - 'Қызыл таңым'
Сенікі ішкен суым, тұзым-дәмім
Даңқыңды, дәулетіңді шалқытады
Бақытын сенен тапқан қыз-ұлдарың

Қайырмасы:
О, Маралдым, Маралдым!
Сенің үшін жаралдым
Топырағыңнан нәр алдым
Көзіндейсің сен маған
Атам менен анамның







Asem Myrzamuratova

Corrected text

27.12.2020
Users