Lyrics
Қыз көркі ел сүйсінер амалымен
Ұл көркем батыр мінез талабымен
Айта бар барсаң салем кең Жылойға
Тербеткен мені сезім самалымен
Қайырмасы
Көңілімде күн ойнайды, көктемнің гүл айдары.
Елестеп күрсінгенде аман сау жүрсіңдерме
Жақсылар Жылойдағы
Ағалар құшақ жайып қарсы алатын
Думанды бауырларын əн салатын
Айта бар барсаң салем Кең Жылойға
Сағындым сол сəттің əр сағатын
Қайырмасы
Көңілімде күн ойнайды, көктемнің гүл айдары.
Елестеп күрсінгенде аман сау жүрсіңдерме
Жақсылар Жылойдағы
Қайран ел талай бейнең сынақ көрген
Өсіріп ұлмен қызын мұрат көрген
Айта бар барсаң салем Кең Жылойға
Жаныма ақ тілегің жылу берген
Қайырмасы
Көңілімде күн ойнайды, көктемнің гүл айдары.
Елестеп күрсінгенде аман сау жүрсіңдерме
Жақсылар Жылойдағы
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).