Заман-ай lyrics

Заман тобы

2019

11
0

Share:



Әр адамның орны бір бөлек
Тағдырдың жолы қызық дерек
Жақсылық жасай білші жүрегіңмен
Мейірім бәрінде болу керек
Жердің жүзі шардай дөңгелек
Айналып соғар кезек келер
Өзіңнен бастасаң барлығында
Бүкіл әлем діл солай өзгереді
Өзгермесең сен барлығын көр өзіңдей сен
Барлығыда тең сеніменен

Қайырмасы
Заман-ай, заман-ай!
Уақытқа жетпес шамаң-ай!
Адамдар,адамдар
Мың құбыламыз баладай
Заман-ай, заман-ай!
Өзгермесінші санаң-ай!
Амал қыл адал бол
Ештеңеге де қарамай

Ақтармен тақтарға таласып
Бәсекелесіп жан жолдасың
Қаншама адам жоқ айналада
Армансыз мақсатсыз адасып
Жүректерден жылу тарасып
Айналамыз қашан қарасып
Күлейік жүрейік бұл өмірде
Бәріміз бір туғандай жарасып
Өзгерме сен серт бол
Барлығын бірдей көр өзің бол

Қайырмасы
Заман-ай, заман-ай!
Уақытқа жетпес шамаң-ай!
Адамдар,адамдар
Мың құбыламыз баладай
Заман-ай, заман-ай!
Өзгермесінші санаң-ай!
Амал қыл адал бол
Ештеңеге де қарамай



Заман тобы, Заман-ай lyrics, 2019
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Comments

Togzhan Abdygalimova

04 March 2019

керемет

Айгул

Corrected text

23.02.2019
Users