Көктем Заман тобы

2019

9
0

Share:




Lyrics



Көктем келді аспан түсі өзгерді
Қауыс жарған бәйшешекте көз көрді
Қызғалдақтай сарғалдақтай қыздарға
Қызыл-сары гүл сыйлайтын кез келді
Қыдырып қайтам сұлуларға айтам
Ең тәтті сөздерді

Қайырмасы
Қош келдің көктем көкте нұр төккен
Ғажапсың көктем неткен
Қыс қайтып кеткен құс қайтып жеткен
Мен сені сүйем көктем

Көктем келді жердің беті жаңарды
Жылы жаққа құстар қайтып оралды
Ғажап екен ақ жаңбырдың астында
Құшақтасаң өзің сүйген адамды
Жауа бер жаңбыр жайнатады әр күн ғаламды даламды

Қайырмасы
Қош келдің көктем көкте нұр төккен
Ғажапсың көктем неткен
Қыс қайтып кеткен құс қайтып жеткен
Мен сені сүйем көктем



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

01.03.2019