Өзің сәулем lyrics

Саят Әбдіғали

Өзің сәулем

0
0

Share:


Шолпандай жарқыраған таң алдында
Жан ерке саған теңеу таба алдым ба
Ажарың алтын айдың таң шапағы
Құрбым-ау күн көзінен жаралдың ба?

Өзің, сәулем, іздегенім
Кездесуге жүз келемін
Сөйлесуге тіл жетпейді
Қиын екен қыз дегенің

Қараудан ақ жүзіңе зерікпедім
Апыр-ау неткен өзің көрікті едің
Достар-ау айтыңдаршы шындарыңды
Өмірде осындай қыз көріп пе едің?

Өзің, сәулем, іздегенім
Кездесуге жүз келемін
Сөйлесуге тіл жетпейді
Қиын екен қыз дегенің

Өзіңе осы әнімді арнадым да
Алдыңа талай рет бармадым ба?
Жас жаным күтеді әлі үміт таңын
Қолымды жеткіз сәулем арманыма

Өзің, сәулем, іздегенім
Кездесуге жүз келемін
Сөйлесуге тіл жетпейді
Қиын екен қыз дегенің
Саят Әбдіғали, Өзің сәулем lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Corrected text

01.07.2018
Users

GM