Ару қыз

Z тобы

2018

0
0

Share:





Загрузка...



Жүрегім менің махаббаты жырласын
Жүрегім сенің жан сырыңды тыңдасын
Ғашықпын саған ізгілікпен дархан сұлу
Жалғанда сенсің сүйген қимасым
Арусың кербес ақылына көркі сай
Барамын балқып ғашықтықтың отына-ай
Сүйіктім ғашық болмау мүмкін емес өзіңе
Арудың бәрі сендей болса шіркін-ай

Қайырмасы
Махаббат аяулысы сезімнің
Махаббат әні ғашық көңілдің
Махаббат мәңгілік өмірдің
Махаббат мәңгі жаным!
Ақ қанатты аққуымсың құсым
Сен менің гәккуімсің аппақ әдемі
Қандай көркем жан едің
Қай қаламның аруысың
Сүйдім аппақ арым үшін сені
Сені қаладым бақытыма баладым

Сәт сайын жаным жақын болып барасың
Көңілге сөнбес көңіл отын жағасың
Аяулым келіп менің жүрегімде саяла
Бақытты менің құшағымнан табасың
Қырдағы әсем қызғалдақ болып өстіңбе
Аққудай қалқып айдың бетін кештіңбе
Асылым сендей ару бұрын соңды болмаған
Сұлусыі мінсіз ұқсамайсың ешкімге

Қайырмасы
Махаббат аяулысы сезімнің
Махаббат әні ғашық көңілдің
Махаббат мәңгілік өмірдің
Махаббат мәңгі жаным!
Ақ қанатты аққуымсың құсым
Сен менің гәккуімсің аппақ әдемі
Қандай көркем жан едің
Қай қаламның аруысың
Сүйдім аппақ арым үшін сені
Сені қаладым бақытыма баладым


Z тобы Ару қыз lyrics, Z тобы 2018


Загрузка...





Айгул

Corrected text

02.08.2018
Users