Өз еліңде демал lyrics

Ұшқын Жамалбек , Әсет Есжан

2019

0
0

Share:



Алматының шуы

Бастықтың ашуы

Жалақының жыры

Кіріс пенен шығыс

Аяқталды жұмыс

Сіздікі не жүріс

Күтеді Бурабай сені

Балқаштың көкпеңбек көлі

Батыстың қонақжай елі

Күтеді сені

Еліктеп құсқа

Шетелге ұшпа

Барлығын дұрыста

Сарыағаштан ем алып

Қалтаңда ақша

Эмоция басқа

Жақсы өмір баста өз еліңде демалып



Реп.

Қапшағай Көлсай арасан алмарасан

Алакөл жай болмады жанға қашан

Айып қой Алтай жақта атқа мініп

Тарбағатай тауларын таңдамасаң

Арал құм,әйгілі Жаңа қорған

Дертіңе таптыр дауа болған

іздесем табайын досым сені

Жасыбай жақтағы жағалаудан

Қымыз ішіп ет жесең Жаңарқадан

Самал есіп тұрады сарыарқадан

Каспийдің балығы

Оралдың жайығы

Жайықтың жайыны қайығы…

Таусылды жаңбырлы маусым,

Күтеді бау бақша тау шың

Өзііңнің еліңде демал

Әлемге естіліп даусың!..

Өзенің мен көлің

Чипсыңмен согың

Бұл отандық өнім

Бізбен бірге ән сал

Турист болмай сәл сәл

Туристерді қарсы ал!
Ұшқын Жамалбек, Әсет Есжан, Өз еліңде демал lyrics, 2019
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Corrected text

28.07.2019
Users