Ұшқын Жамалбек Сені іздеймін (2017), lyrics

Сені іздеймін lyrics

Ұшқын Жамалбек

2017

27
0

Share:



Жаным-ау жабырқама тіл қат маған
Сонда мен жас сәбидей жырғап қалам
Сергелдең бұл әлемде бір адам бар
Сені іздеп кірпігін ол құрғатпаған

Қайырмасы:
Сені іздеймін таулардан бұлақтардан
Сені іздеймін орманнан жырақтардан
Маған керек сендегі адал жүрек
Сезімін өзге жанға ұрлатпаған
Сүйемін деген сөзіңді тыңдат маған

Білмеймін сол бір адам қымбат маған
Тынымсыз сағынышқа тіл қатпаған
Жасырын жүрегімді жаулап алған
Сезімі әлі күнге жұмбақ маған

Қайырмасы:
Сені іздеймін таулардан бұлақтардан
Сені іздеймін орманнан жырақтардан
Маған керек сендегі адал жүрек
Сезімін өзге жанға ұрлатпаған
Сүйемін деген сөзіңді тыңдат маған