Lyrics
Бағың міне қазғалдағым
Тұрсың бізден ұзағалы жан қызым
Бөлек екен жолы қыздың
Қайтейін бұл жүрек сыздағанын жан қызым
Қимайтыным болар бір
Бара қойшы алда таң күліп тұр жан қызым
Ата анаңның бар тəлімін тəрбиесін сақта гүлім жан қызым
Қайырмасы
Сенде таптың енді қосағыңды жан қызым
Қанаттандың бүгін өз ұяңа бар қызым
Үлкендердің алып ақ батасын ал қызым
Бақытты бол айым бақытты бол жан қызым
Қыз өссе елдің көркі деген
Қыз бақытын күллі ел тілеген алтыным
Отауыңа адал ана болғын
Көрсетерде үлгі даналығын жарқыным
Қолдай көрсін сені жаратқаным
Ата анаңды жерге қаратпағын алтыным
Жарығысың енді серегіңнің
Нұрға бөле оның көре білгін əр күні
Қайырмасы
Сенде таптың енді қосағыңды жан қызым
Қанаттандың бүгін өз ұяңа бар қызым
Үлкендердің алып ақ батасын ал қызым
Бақытты бол айым бақытты бол жан қызым
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).