Lyrics
Жаққан өзің арманның алауын да
Аймалаған сиқырлы самалын да
Көзімді алмай үздігіп қарадым да
Риза болдым жып жылы жанарыңа
Мөлдіреген көңілімнің көліндей
Аялаған арманым бар менің де
Шын бақытың мен болайын сенің де
Орнап қалдың сенім мен көңілге
Ерік беріп ерекше күш ағынға
Балбырап махаббаттың құшағында
Қанаттанып жетемін мен қасыңа
Бұлттар менен жарысып ұшамын да
Мөлдіреген көңілімнің көліндей
Аялаған арманым бар менің де
Шын бақытың мен болайын сенің де
Орнап қалдың сенім мен көңілге
Жетейік тек сезімнің ғажабына
Міндет емес тек күю азабына
Ауа райын бақыттың базарына
Мұң салмай сенің таза ажарыңа
Мөлдіреген көңілімнің көліндей
Аялаған арманым бар менің де
Шын бақытың мен болайын сенің де
Орнап қалдың сенім мен көңілге
Мөлдіреген көңілімнің көліндей
Аялаған арманым бар менің де
Шын бақытың мен болайын сенің де
Орнап қалдың сенім мен көңілге
Шын бақытың мен болайын сенің де
Орнап қалдың сенім мен көңілге
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).