Тұрмағанбет Ізтілеуов Ақжібек (0) lyrics

Share:


Қарағым, қатарыңнан көркем түсің,
Ұнайды көңіліме де қылған ісің,
Құлпырып байшешектей түрленесің,
Берген соң ылайықтап құдай пішін.
Жарқын жүз, түлкі тамақ, құралай көз,
Маржандай тізіліп тұр отыз тісің.
Наз бенен қылығыңды көрген кезде,
Елжіреп қорғасындай кетті-ау ішім!
Шайқалып қызыл гүлдей сен тұрғанда,
Менің де бақаменен жоқ жұмысым!
Көңіліңнің бір белгісін білдір маған,
Болмаса көздеп жүрген басқа кісің!






GM

Added Lyrics

26.08.2016