Lyrics
Көңіліме көп адамдар салғанда қылау
Жүрегімнің гүлзар бағын шалғанда қырау
Жалғыз жарым қалдырмайтын жалғанда мынау
Жалғыз жарым сен болсаң деп армандадым-ау.
Қайырмасы:
Жан жарым-ау, жан-жарамды
Жазшы менің.
Жан жарым-ау, жан-жарамды
Жазшы менің.
Мен сұңқармын сен самғайтын көгімсің менің
Мен тұлпармын сен шарлайтын жолымсың менің
Бір ғасырда бір күндері әңгіме болар-ау
Өзіңменен бір ғасырда өмір сүргенім.
Қайырмасы:
Жан жарым-ау, жан-жарамды
Жазшы менің.
Жан жарым-ау, жан-жарамды
Жазшы менің.
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).