Сені іздедім Төреғали Төреәлі

2019

17
2

Share:




Lyrics



Сені іздедім
Тағдырдан қанша жыл сұрақ қылып
Мені іздедің
Жаным-ау өзіңнен жырақ тұрып
Сағынысып,
Екеуміз кездескен қоңыр кеште
Тыңдап алып,
Әнімді құлақ түріп
Неге күлдің жарқыным жылап тұрып

Бар екенін,
Білем көп менің де кінәмнің да
Соны біліп,
Мен келдім қолыма гүл алдым да
Жылағаның,
Көп күнгі сарғайған сағыныш па
Ал күлгенің,
Қош десіп мұнар мұңға
Қайтадан қауышқаныңа қуандың ба

Кеш көп еді
Екеуміз сағынып еске алатын
Күндер қайда
Әр күні қолдан гүл десті алатын
Жүрегімнің
Төріне мәңгілік қонақтадың
Ал қаншама
Кездесіп қуанғанмен
Ол кезде екеумізге де кеш болатын
Амал не екеумізге де кеш болатын



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Comments
Азамат Имамбаев
23 2019

Әдемі ән екен

Added

20.04.2019