Lyrics
Бес мезгіл сәті бақыттың
Бағалап жатыр оны кім?
Ысырап болған уақыттың
Толтырам қалай орынын?
Толтырам қалай орынын?
Күнәһар болу кімге оңай?
Имансыз жаннан тән азды
Керіліп жатқан күндер ай
Елемей ТАҢҒЫ НАМАЗДЫ
Елемей ТАҢҒЫ НАМАЗДЫ
Жабылар жәннәт есігі
Болмаса бөгет, еш тыйым
Қаза боп кеткен БЕСІНІ
Күндердің құны бес тиын!
Күндердің құны бес тиын!
Сау басым дауға іліктім
Шашылмас жерден шашылдым
Асыр сап босқа жүріппін
Уақытында АСЫРДЫҢ
Ертерек мұны білгенде
Құламас едім жыраға
Күн батып АҚШАМ кіргенде
Мен батып жүрдім күнәға
Мен батып жүрдім күнәға
Білмеймін кімге қырсығам
Шайтанға жүрдім сыңар боп
ҚҰПТАНДА қылмай құлшылық
Қызыққа жүрдім құмар боп
Қызыққа жүрдім құмар боп
Нәпсімдi ерте жеңгенде,
Жүрмес ем бұлай секіріп.
Ораза айы келгенде,
Тойғаннан жүрдім кекіріп.
Тойғаннан жүрдім кекіріп.
Той-тойлап, таңды таңға ұрып
Дертімнің таппай бiр емiн.
Қадiр түнiнде қаңғырып,
Қадірсіз болып жүр едiм.
Қадірсіз болып жүр едiм.
Түгендеп барлық жоғымды
Әлекпен жүрдім әрдайым
Тау тасқа талай соғылды
Сәждеден қашқан маңдайым
Сәждеден қашқан маңдайым
Жүректе қазір маза жоқ
Кеш ұқтым сөзін Құдайдың
Намазым кеткен қаза боп
Күндерім үшін жылаймын
Жылдарым үшін жылаймын.
Алдында жатқан көлденең,
Нәпсісiн жеңген батырмын.
Өлімге барар жолменен
Өмірде жүрiп жатырмын
Өлімге барар жолменен
Өмірде жүрiп жатырмын
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).