Жүрек көнбейді lyrics

Төреғали Төреәлі

Жүрек көнбейді

12
0

Share:



Жаным, саған сыр ақтарамын,
Ақ арманым сен едің-ай.
Сағым күндер ұзап барады,
Сағындырдың неге бұлай?!
 
Қоштасуды жаның қаламай,
Қимай-қимай бір қарадың.
Қиналсаң да кеттің қарамай,
Жүрегімді тыңдамадың.
 
Айтқаныма жүрек көнбейді,
«Бар бақытым - жалғыз сен»,- дейді.
Қолым жетпес арман бол, мейлі,
Үміт оты мәңгі сөнбейді.
 
Еркелейсің түсіме енгенде,
Елесіңмен тілдесемін.
Сені, жаным, түсінем мен де,
Мен де, жаным мұң кешемін.
 
Ғажабыңды өлең етермін,
Әнім болдың жүрегімде.
Ажарыңды көрер ме екенмін,
Аңсауменен жүремін бе?!
 

төреғали, төреәлі, төралі, торегали, тореали, toregali, toreali, Жүрек көнбейді lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Comments

Ainura Nurlybaeva

20 2017

ainura

Ainura Nurlybaeva

21 2017

жиберу

GM

Added Lyrics

23.10.2015