Шынар бағым lyrics

Төреғали Төреәлі

Шынар бағым

7
1

Share:



Тербесе назданам ғой, жүректі маздаған ой.
Бір болу жазбаған ғой, тағдырдың шешімдері.
Сол үшін өкінемін, мұң толы көкірегім.
Мен сенен өтінерім, бәрі үшін кешір мені.

Қсы:
Шынар бағым, шынар бағым.
Қиналған жаныңды ұға алмадым.
Қалқатай кешіргейсің,
Мен сені бақытты қыла алмадым, қыла алмадым,
Шынар бағым.

Тағдырым алаңдатты, болған соң сараң қатты.
Жаныма жаман батты, кеткенің жылап тұрып.
Ойымның бәрі мұңды, іздейді әлі кімді.
Жатырмын қадіріңді, кеткен соң бір ақ біліп.

Қсы:
Шынар бағым, шынар бағым.
Қиналған жаныңдай ұға алмадым.
Қалқатай кешіргейсің,
Мен сені бақытты қыла алмадым, қыла алмадым,
Шынар бағым.

Төзімім шаршап бітті, жеңе алмай алшақтықты.
Мендегі бар шаттықты, кеттің ғой қосып алып.
Болсын деп мол шырайы, Алладан мен сұраймын.
Бақытты болшы дайын, тілерім осы ғана.

Қсы:
Шынар бағым, шынар бағым.
Қиналған жаныңдай ұға алмадым.
Қалқатай кешіргейсің,
Мен сені бақытты қыла алмадым, қыла алмадым,
Шынар бағым.
төреғали, төреәлі, төралі, торегали, тореали, toregali, toreali, Шынар бағым lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Ғазиза

Corrected text

06.01.2017
Users

GM