Сағыныш lyrics

Төреғали Төреәлі

2017

13
0

Share:



Ақсұңқар құстай кеш түлеп,
Соңырақ ұшты өлеңім.
Сағыныш деген — ескі дерт,
Табысу болар емі оның.

Уайым деген тағы бар,
Қауышу деп біл дауасын.
Саз қылып, әнге салып ал
Самалды түннің ауасын.


[Қайырмасы]
Телміріп, жаның жабықты,
Таусылды білем тағатың.
Терезең алды жарық-ты,
Жарықтан әрі қара түн.

Қап-қара түннің қойнында
Қап-қара шашың төгіліп,
Шегіне жетпей ойдың да,
Шетсіз бір мұңға беріліп;

Шемен мен шерді ақтарып,
Шешіліп бәрін жаз маған.
Бақытым жансын хатты алып,
Балауыз шамдай маздаған.

Қарашы, айнам, қарашы,
Күтпеген сезім, тосын ой:
Жарық пен түнек арасы
Жарты кез деген осы ғой.
төреғали, төреәлі, төралі, торегали, тореали, toregali, toreali, Сағыныш lyrics, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Corrected text

19.04.2017
Users