Отанды сүю иманнан lyrics

Төреғали Төреәлі

Отанды сүю иманнан

7
0

Share:



Аманат қылған бабасы, ардақтап өткен анасы,
Нәсіп қып берген Жаратқан – қазақтың байтақ даласы.
Шырайлы қала Шымкент, Түркістан - рухтың қаласы
Таразым менің тарихым, Қызылорда - Алаш анасы.
Талдықорғанның білгенге, бағзыдан бөлек бағасы.
Алматы алтын шаһарым, қаланың нағыз дарасы.
Оңтүстік міне осындай, қызығып бәрің қарашы!
 
Сөзімді әрі жалғайын, үзінді айтып жырымнан,
Қызылжар дейтін мекен бар, Мағжандай ақын туылған.
Қостанай астық өндіріп, жұдырық болып жұмылған.
Асқақтап тұрған Кереку, қырандай түспес тұғырдан,
Сексен көл аққан Көкшетау, сұлудай сексен құбылған.
Солтүстігімнің жерінде-ай, құт-береке бар бұрыннан,
Құт-береке бар бұрыннан.
 
Қазаққа құтты төр болған – Өскеменімнің өңірі
Ұлы Абай туған Семейдің, еліме бөлек орыны.
Халыққы жылу сыйлаған, Қарағандымның көмірі,
Жезқазған кенді аймағым, Сәтбаев болған серігі.
Арқаның бесік даласы – тербеген сал мен серіні,
Сарыарқа қандай кең болса-ай, қазақтың сондай көңілі!
 
Атырау алып шаһарым, кем емес ешбір шетелден,
Қонақжай елді табасың-ай, Ақтөбе дейтін мекеннен.
Оралда жырау, ақын көп, аумайтын сөзі шекерден.
Маңғыстауымда батыр көп, жасқанып тұрмас бөтеннен.
Мұнайды берген батысқа, Құдайға тәубе етем мен.
Батысым менің осындай-ай, намысын тудай көтерген, намысын тудай көтерген!
 
Қолдаушы жалғыз Аллам бар, тәуелсіздігім, тәубәм бар,
Біз «Қазақ» дейтін ел едік, Аллаға ғана иланған.
Тәуелсіздікті алғалы, басыма бағым қонғалы,
Қазаққа қазақ би болған, Астана бізге сый болған.
Желбіреп тұрған көк тудың, астына елім жиналған,
Елім деп жырды төккенде, ерінбей ешбір қиналма.
Жасай бер, жаса қазағым, күн сайын кірсін ажарың!
Қазақстанды сүйіңдер, Отанды сүю – Иманнан,
Отанды сүю - Иманнан, Отанды сүю - Иманнан!!! 

төреғали, төреәлі, төралі, торегали, тореали, toregali, toreali, Отанды сүю иманнан lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Comments

Бахытжамал

20 2016

Оте жаксы олен, жаксы орындалды.Торешке бакыт тилеймин.Оркеннин оссин!!!

GM

Added Lyrics

23.10.2015
Music Videos
Төреғали Төреәлі
Отанды сүю иманнан