Төреғали Төреәлі & Мұқасан Шахзадаев Бақытыңды жырлайды (2018), lyrics

Бақытыңды жырлайды lyrics

Төреғали Төреәлі , Мұқасан Шахзадаев

2018

28
0

Share:



Жыламашы шырағым күңіренген қобыздың бұрамашы құлағын
Ұмыт болып мына күн сейіледі мұнарың
Жыламашы шырағым шашыратып шуағын
Мен білемін мына күн
Шұғыламен тынарын

Қайырмасы
Шаттықпенен қуаныш
Өкінішпен мұң қайғы өмір бақи тұрмайды
Алма кезек зулайды
Жыла жаным жылай бер
Менде мәңгі тұрмаймын
Зарыңды кім тыңдайды
Ертең келіп басқа жан
Бақытыңды жырлайды

Аттанады мына күн
Ашылады аспаның
Шашылады аспанға сенің жақұт тастарың
Сонау алыс асқарға
Асылады шашбауың
Шашырайды басқа нұр
Қосылады бастарың

Қайырмасы
Шаттықпенен қуаныш
Өкінішпен мұң қайғы өмір бақи тұрмайды
Алма кезек зулайды
Жыла жаным жылай бер
Менде мәңгі тұрмаймын
Зарыңды кім тыңдайды
Ертең келіп басқа жан
Бақытыңды жырлайды







Айгул

Corrected text

19.04.2018
Users