Қоштасудың қиыны-ай lyrics

Төреғали Төреәлі & Мөлдір Әуелбекова

2017

55
5

Share:



Қайран күндер кешегі
Сайран күндер кешегі
Көрген түстей көңілден
Қалайша көшеді
Бақытымы балаған
Жар ылайық санаған
Жан серігім жалғанда
Сен едің қалаған

Қайырмасы:
Қия алмадым, қимадым
Қинадың-ау, қинадың
Гүл орнына қайтейін
Саған мен мұң сыйладым
Қарай бердің қиыла-ай
Қоштасудың қиыны-ай
Саған ғана жан сырым
Айтушы едім, бал-шырын
Бірге кешкен күндер-ай
Мөп-мөлдір таң-шығы
Шығар ма екен бәрі естен
Жылап жатыр жүрегім
Нәп-нәзік нәрестем

Қайырмасы.
Ұя салған таңдайға
Біз айтатын ән қайда?
Амал бар ма тағдырға
Жазылған маңдайға
Ақ тілеулі арманға
Сенен асқан жан бар ма?
Жаралайды жанымды
Көзден жас тамғанда
Төреғали Төреәлі & Мөлдір Әуелбекова, Қоштасудың қиыны-ай lyrics, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Comments

Rishat Rafhatov

12 2018

кушти

Жасулан

03 March 2019

keremet

Admin

Corrected text

05.02.2018
Users