Қол бұлғайды әр төбе
Біздер үшін мәртебе
Жүру елдің арасында
Жетем деп дара шыңға ай
Ұнамай да, ұнап та
Түстік талай сынаққа
Өмірдің де мәні осында мүмкін
[Қайырмасы]
Шексіз менің ғажап өнерім
Шексіз сүйем қазақ өнерін
Әсем әнім қызыл өлеңім
Сондықтан да жаза беремін
Тасиды жігерім де
Өр кеудемде от қызып
Бір мен үшін жоқ қызық
Ол өнерсіз бұл өмірде
Халқымның тілегінде
Таусылмайтын зор шабыт
Сол өнермен жол салып
Қалсақ екен жүрегінде шіркін
[Қайырмасы]
Шексіз менің ғажап өнерім
Шексіз сүйем қазақ өнерін
Әсем әнім қызыл өлеңім
Сондықтан да жаза беремін
Əні: Ұлықпан Жолдасов
Сөзі: Саят Əбенов төреғали, төреәлі, төралі, торегали, тореали, toregali, toreali, Қазақ өнері lyrics, 2016 Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store
Қонақ
керемет
гүлнафис
тамаша Төреш