Төреғали Төреәлі Іңкәр жүрек (2018), lyrics

Іңкәр жүрек lyrics

Төреғали Төреәлі

2018

18
6

Share:



Таппасам да өмір тұрлауын,
Әнге қосып сені жырладым.
Айлы түнде берген сертіңде,
Айтшы сәулем неге тұрмадың!?
Неге тұрмадың!?

[Қайырмасы:]
Жалған десе, жалған ғұмыр-ай!
Жанарымда қалдың тұрып-ай.
Жақын тұрсам бейнең көрінер,
Жанарыңның мөлдір тұнығы-ай!
Мөлдір тұнығы-ай!

Қара жолда тұнып іздерің,
Түн пердесін түріп іздедім.
Мың күнімді мұңға батырып,
Бір күнімнен үміт үзбедім!
Үміт үзбедім!

[Қайырмасы:]
Жалған десе, жалған ғұмыр-ай!
Жанарыңда қалдым тұрып-ай.
Жақын тұрсам бейнең көрінер,
Жанарыңның мөлдір тұнығы-ай!
Мөлдір тұнығы-ай!

Жадыраған жазда ма екенсің!?
Еркелеген назда ма екенсің!?
Қайда екенсің қара көз айым!?
Әлде сырлы сазда ма екенсің!?
Ай, Қайда екенсің!?

[Қайырмасы:]
Жалған десе, жалған ғұмыр-ай!
Жанарыңда қалдым тұрып-ай.
Жақын тұрсам бейнең көрінер,
Жанарыңның мөлдір тұнығы-ай!
Мөлдір тұнығы-ай!






Comments

Гулбану

01 2018

Өте әсерлі ән. Төрештің орындауындағы барлық ән керемет! Жарайсың Төреш!

Нұрдана Аман

14 2018

Жарайсын Төреш. Өнеріңіз өрге жүзсін

Admin

Added Lyrics

01.05.2018