Азамат боп атқа міндің сен бүгін.
Бірақ атқа мінгеніңнен не пайда
Жүрегіңде қалғып жатса ерлігің?!
[Қайырмасы:]
А - а - а.
Бозбала,
Қанатыңды талдырма,
Алай-түлей жаңбырда.
Тізгініңді беріп қойма тағдырға,
Қуанышым,
Жан-тәніңмен бір адамды сүймегенің үшін,
Сүйе алмағаның үшін
Табиғаттың алдында кінәлісің.
Қорға, жаным, сеніміңді жеруден,
Қорлық бар ма, жанбай жатып сөнуден.
Өмірдегі үлкен жеңіс әрдайым
Басталмай ма өзіңді өзің жеңуден.
[Қайырмасы:]
А - а - а.
Бозбала,
Қанатыңды талдырма,
Алай-түлей жаңбырда.
Тізгініңді беріп қойма тағдырға,
Қуанышым,
Жан-тәніңмен бір адамды сүймегенің үшін,
Сүйе алмағаның үшін
Табиғаттың алдында кінәлісің.
Болашағың алдыңда әлі, бүлдіршін,
Ер жігіттің намысында бұл бір сын.
Бүгін көрсет қайратыңды, күшіңді,
Ертең мүмкін кеш бола ма, кім білсін?! төреғали, төреәлі, төралі, торегали, тореали, toregali, toreali, Ерлікке шақыру lyrics, 2018 Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store
Алмагүл Штатбаева
Не деген керемет əн Төрегали Төрəлі жасай бер
Асылан Магзумов
тамаша жарайсың