Аналардың барлығы.
Сақтаған жанұя ұйытқысын,
Шуақ шашқан жан нұры.
Әрдайым құрметке лайықты,
Аналардың әр бірі.
Жүректері елжіреген,
Желбіреген жаулығы.
Қайырмасы:
Әлдилеп тербететін баланы,
Жып-жылы қабағы,
Нұрланған жанары.
Құлпыртып гүлге ораған даланы,
Нұр жанары – шын бағалы.
Құрметтеңіздер асыл ананы,
Көзі күндей, өздері гүл ғой.
Қателеспеңдер, қадірін білмей,
Ана ән ғой, таусылмайтын жыр ғой.
Қуаныш сыйлаған күлімсіреп,
Ұмыттырып қайғыны.
Оңынан туса екен мейірімді –
Аналардың ай-күні.
Ана ғой, ана ғой, әрбір үйдің,
Мөлдіреген айдыны.
Аналары әр адамның,
Бақыты да, байлығы.
Қайырмасы:
Әлдилеп тербететін баланы,
Жып-жылы қабағы,
Нұрланған жанары.
Құлпыртып гүлге ораған даланы,
Нұр жанары – шын бағалы.
Құрметтеңіздер асыл ананы,
Көзі күндей, өздері гүл ғой.
Қателеспеңдер, қадірін білмей,
Ана ән ғой, таусылмайтын жыр ғой.
төреғали, төреәлі, төралі, торегали, тореали, toregali, toreali, Ана lyrics, 0 Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store
марина
анашым ен бик, тулгасын,баласы ешкашан анасыз калмасын гумырын болсын бир гасыр деген создери осы ан керек
Anonymous
Маган осы олен унайды баримиз анадан тудык кой
максат
оте жаксы олен