Әкеге арнау lyrics

Төреғали Төреәлі

Әкеге арнау

3
0

Share:



Кеудеме бүгін толғандай болды аздап мұң.
Жүректен шыққан жырымның шоғын маздаттым.
Кешірші, әке, талайды жырға қоссам да,
Сен жайлы әлі, сен жайлы әлі бір шумақ өлең жазбаппын.
 
Өсірдің мені қалдырмай көштен, аш қылмай.
Жалғанда мынау еңсемді тектен пәс қылмай.
Қатал тәртіппен қасиетіңді-ау дарыттың
Өз бөлтірігін, өз бөлтірігін тістеп сүйетін қасқырдай.
 
Баласы болсам бай-бақ ұланның егер мен, 
Алтынмен аптап, күміспен қаптап берер ме ем?
Қолымнан, әке, не келеді басқа өнерден?
Алғысымды айттым, алғысымды айттым өзің үйреткен өлеңмен
 
Түссем де талай ішіне талас-көкпардың ,
Баламын саған, еркемін әлі, сотқармын
Еркелеп саған соңыннан еріп жүргенде,
Ес жиып міне, ес жиып міне өзім де әке боп қалдым
 
Кеудеме бүгін толғандай болды аздап мұң.
Жүректен шыққан жырымның шоғын маздаттым.
Кешірші, әке, талайды жырға қоссам да,
Сен жайлы әлі, сен жайлы әлі бір шумақ өлең жазбаппын.
төреғали, төреәлі, төралі, торегали, тореали, toregali, toreali, Әкеге арнау lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Comments

Дүйсенова Əсел

18 2016

адамды толғандырады

Гульшат

28 2016

жарайсыз, рахмет улкен сізге!!!

GM

Added Lyrics

22.10.2015