Әке мен бала lyrics

Төреғали Төреәлі

Әке мен бала

6
0

Share:



Айналайын ән балам айналайын жан балам
Жыр- әнімсің таңбаған қыранымсың самғаған
Жұлдызым боп жана бер әке жолын жалғаған
Жұлдызым боп жана бер әке жолын жалғаған
 
Әкеге ұқсап тудым ба әке жолын қудым ба
Еліктірген әуені күлді қазды қудым ба
Соншалықты әдемі сылдыр үні судың да
Соншалықты әдемі сылдыр үні судың да
 
Айналайын түріңнен айналайын тіліңнен
Тамсандырып тұрсың-ау тамылжытқан үніңмен
Кіп-кішкентай құлыным бақыттымын бүгін мен
Кіп-кішкентай құлыным бақыттымын бүгін мен
 
Аяладың әнменен аяладың таңменен
Тәтті әуенге берілген тербетілді жан денем
Еркелеткен еліне еркем енді ән берем
Еркелеткен еліне еркем енді ән берем
 
Бақытымыз- әніміз
Шаттығымыз- әніміз
Ән болмаса өмірде
Келісер ме сәніміз
Қуат беріп көңілге
Кел шырқайық бәріміз х4
 

төреғали, төреәлі, төралі, торегали, тореали, toregali, toreali, Әке мен бала lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Comments

Anonymous

27 2016

Думан

рауан

19 2017

жаксы

Ұлы ДАЛА Баласы

24 2018

GM

Added Lyrics

20.10.2015