Кездесіп едік көктемде жаным
Бойымда сезім өткенде жалын
Бақыт сыйлаған бал күндер қайда
Бұл-бұлдар бізге арнаған әсем әнін
Қайырмасы;
Алыстап арамыз қиялмай біздер барамыз
Жазылмай жарамыз жүректен
Сезімді тербеткен мәңгілік өшпес өрнекпен
Жаныма сол көктем гүл еккен
Жас жанарыма қайғы мұң салып
Өзіңсіз болмас ай күнім жарық
Жазықсыз жанға махаббат сыйлап
Ғашық қып қойды мені мұншалық