Тау суындай мөлдір еді жаным
Ақ таяқпен шапқылаушы-ек шіркін
Қара жолдың бұрқыратып шаңын
Қайырмасы:
Сол кешегі бала күнім қайда
Ойнақтаған ұқсап құлын, тайға
Шыныменен шырын шақтар сол бір
Енді ешқашан қайтып оралмай ма
Жағасында біз жарысқан жылға
Асыр салып асық атқан қырда
Алыстады ертеңіміз жайлап
Ертегіміз айналды да шынға
Қайырмасы:
Сол кешегі бала күнім қайда
Ойнақтаған ұқсап құлын, тайға
Шыныменен шырын шақтар сол бір
Енді ешқашан қайтып оралмай ма Тоқтар Серіков, Балалық шақ lyrics, 2018 Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store