Айдын қыз Тоқтар Серіков

2015

14
1

Share:




Lyrics



Жолымыз құрбым бір болсын
Жақын боп кеттің досымдай
Бұрын сен қайда жүргенсің
Бұрымдыларға қосылмай
Көрдім де сені өзгердім
Басқа адам болып бір демде
Періште деп ем өзі келді
Көзге де ілмей жүргенде
Періште деп ем өзі келді
Көзге де ілмей жүргенде

Желкілдеп сезім балбырап
Шаттықтай камшат қуансын?
Аспаннан түскен балбырап
Айдың сен қызы шығарсың
Көргем жоқ жерден мұндай жан
Көрімдік алса көп алсын
Құтқарып алған мұңды ойдан
Құдыреттің өзі шығарсың
Құтқарып алған мұңды ойдан
Құдыреттің өзі шығарсың

Күнімді менің итерген?
Кеудеме қыран біткенде
Қармана бердім күйбеңдеп
Өзіңнен басқа күн көрмей
Дертімді қалай емдерміз
Не амал оған не істерміз
Арманым болдың сен менің
Аузынан айдың түскен қыз
Арманым болдың сен менің
Аузынан айдың түскен қыз

Көрімдік алса көп алсын
Аузынан айдың түскен қыз



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

02.12.2018