Тоқтар мен Бейбіт Туған ел (2019), lyrics

Туған ел lyrics

Тоқтар мен Бейбіт

2019

3
1

Share:



Туған ел
Әні: Ахмет Молдағұлов
Өлеңі: Сәбит Лаханов

1. Өзені көлі таулары
Көк майса шалғын баулары
Жанымды менің тербеді
Ей баурады,
Әз-бабам қонып жайлаған
Тарихтың ізі сайраған
Анамдай төккен мейірін
Гүл жайнаған бұл айналам

Қайырмасы:
Бұл менің елім мекенім
Әрдайым мақтан етемін
Көгілдір ашық аспан
Қойғандай жазып дастан
Бұл менің алтын бесігім
Туған жер жұмақ мекенім

2. Төгілген көктем шуағы
Бойыма жігер құяды
Бұл өлке жердің жұмағы
Ей жұмағы,
Қазақтың дархан даласы
Сан ұлттың болған панасы
Бірліктің туын көтерген
Бар баласы,кел қарашы

Қайырмасы:
Бұл менің елім мекенім
Әрдайым мақтан етемін
Көгілдір ашық аспан
Қойғандай жазып дастан
Бұл менің алтын бесігім
Туған жер жұмақ мекенім






Sabit Berikuli

Corrected text

20.01.2020