Тоқтар Серіков Аузынан айдың түскен қыз (0), lyrics

Аузынан айдың түскен қыз lyrics

Тоқтар Серіков

Аузынан айдың түскен қыз

6
0

Share:



Жолымыз құрбым бір болсын
Жақын боп кеттің досымдай
Бұрын сен қайда жүргенсің
Бұрымдыларға қосылмай
Көрдім де сені өзгердім
Басқа адам болып бір демде
Періштелерін өзге елдің
Көзге де ілмей жүргенде
Періштелерін өзге елдің
Көзге де ілмей жүргенде
 
Желкілдеп сезім балбырап
Шаттықтай шәршәп қуансын?
Аспаннан түскен балбырап
Айдың сен қызы шынарсың
Көргем жоқ жерден мұндай жан
Көрімдік алса күн алсын
Құтқарып алған мұңды ойдан
Құдыреттің өзі шығарсың
Құтқарып алған мұңды ойдан
Құдыреттің өзі шығарсың
 
Күнімді менің күй тербеп
Кеудеме қанат біткенде
Қармана бердім күйбеңдеп
Өзіңнен басқа түк көрмей
Дертімді қалай емдерміз
Не амал оған не істерміз
Арманым болдың сен менің
Аузынан айдың түскен қыз
Арманым болдың сен менің
Аузынан айдың түскен қыз
 
Көрімдік алса күн алсын
Аузынан айдың түскен қыз






Қазақ Арнасы

Corrected text

08.07.2021
Users

GM