Айналдым (Жаңа нұсқа) lyrics

Тоқтар Серіков

2017

15
2

Share:



Күнәсіз қарап, кірпік қағатын,
Күмістей нұрын бүркіп қалатын
Еліктей кейде үркіп қалатын
Көзіңнен айналдым
Еліктей кейде үркіп қалатын
Көзіңнен айналдым

Кәусардай шөлім қанбай қалатын
Естіген жандар таңдай қағатын
Ерніңнен еріп балдай таматын
Сөзіңнен айналдым!!!
Ерніңнен еріп балдай таматын
Сөзіңнен айналдым!!!

Күрсініп кейде күлімдеп іштей
Сездірген сырын күбірлеп іштен
Албырап піскен шырын жемістей
Өзіңнен айналдым
Албырап піскен шырын жемістей
Өзіңнен айналдым

Тоқтар Серіков, Айналдым (Жаңа нұсқа) lyrics, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






26.11.2017
Users