Lyrics
Ханшайым
Сен сұлу ханшайымсың, бұралған бал қайыңсың
Армансыз бозбалаға, жар іздеген ханзадаға.
Жанымның жұлдызысың, бағымның бұлбұлысың
Шуағың таралғандай, сұлулықтан жаралғандай
Қайырмасы:
Ертегі мың бір түн бе екенсің, ай мен күн бе екенсің?
Жұлдызымсың лағыл моншақ тағынған
Әлде күн бе екенсің, әлде нұр ма екенсің,
Ханшайымсың аңсап, жүрек сағынған?
Мың бір түң бе екенсің, ай мен күн бе екенсің?
Жұлдызымсың лағыл, моншақ тағынған.
Әлде күн бе екенсің, әлде нұр ма екенсің,
Ханшайымсың аңсап, жүрек сағынған?
Тотыдай түрленесің, ғажайып күйге енесің
Назданып нұрланғанда, құлыпырады бұл жалған да
Аяулы жан сырымсың, аяулым бал шырынсың
Шығыстың аруын ай, ақ сәулелі ай нұрындай
Қайырмасы:
Ертегі мың бір түн бе екенсің, ай мен күн бе екенсің?
Жұлдызымсың лағыл моншақ тағынған
Әлде күн бе екенсің, әлде нұр ма екенсің,
Ханшайымсың аңсап, жүрек сағынған?
Мың бір түң бе екенсің, ай мен күн бе екенсің?
Жұлдызымсың лағыл, моншақ тағынған.
Әлде күн бе екенсің, әлде нұр ма екенсің,
Ханшайымсың аңсап, жүрек сағынған?
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).