Арман қыз Тарлан тобы

Арман қыз

0
0

Share:


Lyrics



Көріп едім бір қызды алтынайдай нұр жүзді ғайып болды
Өкінемін өзімде таныспауым кезінде айып болдым
Жасықпын-ау жасықпын, дей алмадым ғашықпын сол аруға
Бірден батып бой бұра жарамадым мойына оралуға

Қайырмасы:
Сол бір қыз ақ арманым
Көргенше алаңдадым
Күні-түні іздесемде
Мен оны таба алмадым
Сол бір қыз арман құсы
Аяулы мәр-мәр мүсін
Қайда жүр қайда сол, арман қызы

Аңсауменен мен келемін енді қашан көремін арман қызды
Көңілдерді қоса ма бақыт болып тоса ма алдан бізді
Жүрмін әбден сағына сол қызбенен тағы да кезігем бе
Сол сұлуды тапқанша мол қызыққа батқанша көз ілем бе

Қайырмасы:
Сол бір қыз ақ арманым
Көргенше алаңдадым
Күні-түні іздесемде
Мен оны таба алмадым
Сол бір қыз арман құсы
Аяулы мәр-мәр мүсін
Қайда жүр қайда сол, арман қызы









Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

20.10.2015