Киіз үй Таразы тобы

2019

0
0

Share:




Lyrics



Киіз үй қазақ үшін бәрі,бәрі
Киіз үй алты алаштың ары жаны
Қос үйден бойжеткенді оятатын
Таңертең бозторғайдың оу қоңыр әні
Дауысы сол торғайдың халық әні

Қайырмасы
Қанша мықты болсада ел білетін ай
Есігінен еңкейтіп еңгізетін-ай
Қасиетті қазақтың шаңырағы-ай
Қасиетті қазақтың шаңырағы-ай

Киіз үй табиғаттың ұлы мәні
Жан деген киіз үйде тынығады
Балбырап таң алдында жатқанында
Естілер балбұлақтың оу тұнық әні
Дауысы сол бұлақтың халық әні

Қайырмасы
Қанша мықты болсада ел білетін ай
Есігінен еңкейтіп еңгізетін-ай
Қасиетті қазақтың шаңырағы-ай
Қасиетті қазақтың шаңырағы-ай

Іргелі шу шу еткен маңырағы
Жүрегім киіз үйді сағынады
Батыр қып баланы да жіберетін
Сыртында үйір қасқыр ау ұлығаны
Қазақтың қасиетті шаңырағы

Қайырмасы
Қанша мықты болсада ел білетін ай
Есігінен еңкейтіп еңгізетін-ай
Қасиетті қазақтың шаңырағы-ай
Қасиетті қазақтың шаңырағы-ай





Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Added

30.04.2019