Елімнің еркесі lyrics

Тамара Асар

Елімнің еркесі

0
0

Share:



Өмірдің жаз жайлауын жайлайтұғын,
Әншісі бұлбұл құстай сайрайтұғын,
Халқым бар қалың арман секілденіп,
Көңіл күн нұрындай жайнайтұғын.
 
Қайырмасы:
Көлдері айдынды,
Таулары айбынды,
Кеудесі гүл жайнаған кең даламның.
Ай, күнмен сәуле құшқан, аққумен әнін қосқан,
Елімнің бір еркесі мен боламын.
 
Ақжайық, Алтай, Көкше, Алатаудың,
Қара Ертіс, Сырдария, Қаратаудың,
Қайнауын еңбегімен дүбірлеткен,
Еліме жадыраумен қарайды-ау Күн.

Қайырмасы:
Көлдері айдынды,
Таулары айбынды,
Бабамның әнін айтам мен ғаламда,
Армандап алға басқан, шаттықтан шашу шашқан,
Халқым бар күн көтерген кең даламды.

Әйгілі бар әлемге парасаты,
Жазылып жазиралы дала жатыр,
Шыттықтың шалқар күйін пернелеткен
Қазағым қияға өрлеп бара жат
Тамара Асар, Елімнің еркесі lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Света Журина

Corrected text

01.07.2016
Users

GM

Music Videos
Тамара Асар
Елімнің еркесі