Дедімай-ау lyrics

Тамара Асар

Дедімай-ау

0
0

Share:


Айналайын, ақ жүзің, айдан әппақ, дедімай-ау.
Көрген адам қасыңнан кете алмайды,
Мұз үстінде жүргендей тайғанақтап, дедімай-ау.
 
Алма ағаштың гүліндей-ау,
Текеметтің түріндей-ау.
Өтіп дәурен бара жатыр,
Сіз бен бізге білінбей-ау.
 
Құлағыңа таққаның күміс сырға,
Күмбірлетіп шығасың күнде қырға, дедімай-ау.
Сағыныштан сарғайып шыдам таппай,
Мен өзіңді қосамын ән мен жырға, дедімай-ау.
 
Алма ағаштың гүліндей-ау,
Текеметтің түріндей-ау.
Өтіп дәурен бара жатыр,
Сіз бен бізге білінбей-ау. 
Тамара Асар, Дедімай-ау lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

20.10.2015