Тамара Асар Аққу арман (0), lyrics

Аққу арман lyrics

Тамара Асар

Аққу арман

4
0

Share:



Аққу арман, аңсаудан жаралғандай бейне,
Аққу арман, мен сені арайлы таңда сүйгем.
Аққу арман, аңсаған асылым-ай
Қасымда болсайшы сен,
Бағым боп қонсайшы сен,
Аққу арманым.
 
Аққу арман, күн болып сәулеңді төгесің сен,
Аққу арман, жанымды нұр болып өбесің сен.
Аққу арман, аңсаған асылым-ай
Қасымда болсайшы сен,
Бағым боп қонсайшы сен,
Аққу арманым.
 
Аққу арман, ақ ерке бақыттың мәнісің сен,
Аққу арман, жүректі жандырған әнімсің сен.
Аққу арман, аңсаған асылым-ай
Қасымда болсайшы сен,
Бағым боп қонсайшы сен,
Аққу арманым.






Admin

Corrected text

14.10.2016
Users

GM

Music Videos
Тамара Асар
Аққу арман