Талғат Жорабаев Туған ел (0) lyrics

Туған ел lyrics

Талғат Жорабаев

Туған ел

0
1

Share:


Туған жер қандай көркем мөлдіреген.
Желегі желмен ойнап желбіреген.
 Аралап күндіз-түні жүрсем-дағы,
 Тыншымай ет жүрегім елжіреген.
 
 Ыстық-ақ мөлдіреген өзендерің,
 Саяңда сайрап өскен өрендерің.
 Мен едім соның бірі - қарыздармын,
 Әлі де аз сіңірген өз еңбегін.
 
 Қашан да қарыздармын, елім, саған,
 Анамсың алыс жүрсем көп аңсаған.
 Жүректің арнап ыстық махаббатын,
 Туған ел, берерім көп менің саған.






GM

Added Lyrics

20.10.2015


shinline.kz